Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Туған елім» зияткерлік байқауы

23.11.2018
«Туған елім» зияткерлік байқауы

23 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері және Жастар корпусын дамыту жобасының «Менің Қостанайым» тобы Қостанай қаласындағы орта мектеп оқушылары арасында «Туған елім» зияткерлік байқауын өткізді.

Сайысқа № 5, 15, 17, 20, 115 орта мектептің орта буын оқушылары қатысып, Қостанай облысының киелі жерлері», Туған жер тұлғалары», «Қостанай қаласының тарих және сәулет ескерткіштері» бағытындағы өңір тарихына қатысты үш кезеңнен тұратын сұрақтарға жауап берді. Топ мүшелері ойын барысында жеңіске деген ұмтылыстары мен қызығушылықтарын көрсете білді. Ойын қорытындысы бойынша білімділігі және алғырлығымен алға шыққан №115 мектептің тобы І орын иеленді. Іс-шара соңында оқушыларға музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.

Галерея изображений