Қостанайлық қолөнер шебері Жанна Ташмуканова Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімі залында педагогикалық колледж студенттері үшін ұлттық кәдесый өнімдерін әзірлеу бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Жанна Қостанай қолөнер шеберлерінің құрамында «ЭКСПО-2017» бірегей мәдени-туристік және имидждік жобасының - «Этноауыл» кешеніндегі көрмесіне қатысқан.
2013 жылдан бері Ж.Ташмуканова қазақ халқының тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын бейнелейтін ұлттық нақыштағы кәдесый жасаумен айналысады.
Колледж студенттері шебердің жұмысын қызыға қадағалап, сауалдар қойып, тіпті кәдесыйдың бірін жасауға ат салысты.