Жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні аталып өтіледі. Бұл күннің маңызы шылым шегушілерге зиянды әдеттен арылу керектігі туралы түсінік беру.
2018 жылы 16 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің холында «Саламатты өмір салтын таңдаймын» атты интерактивті акция өтті, шара барысында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері темекінің зияндылығы жайлы бейнеролик қарап, «Шылым шекпейтін жігіттің заттары», «Шылымды кәмпитке ауыстыр» сияқты ойындарға қатысып, зиянды қылықтан арылу жолдарының тізімін құрастырды. Қатысушылар плакатқа шылымның зияны туралы суреттер салып, түсініктеме берді.
Акция соңында студенттер шылымға қатысты анкетаны толтырды