2016 жылдың 26 сәуір күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының 85-жылдығына орай биология ғылымдарының кандидаты, НМТҚ қызметкері, жануарлардың қоныс аударатын түрлерін қорғау бойынша Бонн конвенциясының сарапшысы, Солтүстік Еуразияның сұңқар тектестер бойынша халықаралық жұмысшы тобы төрағасының орынбасары, Мензбир орнитологиялық қоғамының мүшесі Е.А. Брагинмен кездесу өтті.
Кездесуге қатысқан № 2 мектеп-лицейдің оқушылары орнитологтың әңгімесін қызыға тыңдап, қажетті сұрақтарына жауап алды. Е.А.Брагин «Дербник» монографиясы авторларының бірі болып табылады. Ол кітаптың бір данасын мұражайға тарту етті.