Қостанай суретшісі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Вадим Быковтың жетекшілігіндегі «Арт-студия» оқушыларының 2015 ж. 5 қазандағы көрмесі - балалар шығармашылығы мен шеберлігі әлемінің тағы бір есігі.
2011 жылы В.Быковқа «Арт-студияны» ашу туралы ой келді, содан бері студия қатысушыларының жұмыстары Қостанай қаласындағы көптеген мәдениет мекемелеріндегі көрмелерге қойылды.
Студия оқушылары – бейнелеу өнері әлеміне бой алдыруды армандаған ересектер мен балалар.
«Буырқанған бояулар» көрмесінде шебердің 7 туындысы және шәкірттерінің 40 көркемсурет туындылары, сондай-ақ балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығының туындылары да қойылған.
Вадим Быковты және оның студия қатысушыларын көрменің ашылуымен Қостанайдың белгілі суретшілері С.И.Шалунова, С.Д.Луговой, Л.А.Игошин, Т.В.Изюмова, көркемсурет салонының меңгерушісі Л. П. Маслюк құттықтады. «Арт-студия» оқушылары да құттықтап, өз алғыстарын білдірді.
«Феличита» дуэтіндегі Алина Герасим мен Маша Кунщикова көрермендерді өз вокалдық қабілеттері және жалынды көңіл-күйімен тәнті етті.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Буырқанған бояулар» көрмесін тамашалауға шақырады.