Қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер - үнемі даму үстіндегі күрделі, көп қырлы көркем құбылыс. Бүгінгі күні авторлық туындыларға, қолмен жасалған бұйымдарға деген қызығушылық байқалады.
12 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қостанайлық суретшілер Ирина мен Наталья Ильчибаевалардың «Табиғат құдіреті» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылды.
Экспозицияда киізден жасалған суретті кілемдер, полимерлік саздан дайындалған әсем гүлдер композициясы, икебана мен бонсай толық үйлесім тапқан.
Көрменің ашылу барысында Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының жас артисі Галина Абрамова көрермендерді скрипка үнімен тәнті етті.
Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, қостанайлық суретшілер, шығармашыл зиялы қауым өкілдері көрменің қонағы болды.
Шеберлердің бұйымдарында табиғат сұлулығы мен даналық бейнеленген. Суретшілер Ирина мен Наталья Ильчибаевалар әлемді түс пен жарыққа толтырып, сүйіспеншілікке бөлейді.