Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақстан халқының Рухани келісім күніне орай «Бейбітшілік пен тұрақтылық үшін» атты діни конфессия өкілдерімен кездесу

16.10.2015
Қазақстан халқының Рухани келісім күніне орай «Бейбітшілік пен тұрақтылық үшін» атты діни конфессия өкілдерімен кездесу

Біздің еліміз 18 қазанда Рухани келісім күні мерекесін атап өтеді. 1992 жылы Алматы қаласында адамзат тарихында алғаш рет бүкіл дүниежүзілік конгресте рухани мәселе толғандырған барлық дін өкілдері бір үстел басына жиналды.

Бүгінгі күні республикамызда 140-тан астам ұлт пен 18 діни конфессия өкілдері бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүреді. Осы халықтардың адамгершілік пен рухани бірлігі - елдің одан әрі гүлденуі үшін басты негіз болып табылады.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында мереке қарсаңында 16 қазан күні діни конфессия өкілдерімен «Бейбітшілік және тұрақтылық үшін» атты кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер біздің өңірдегі мешіттер мен шіркеулердің тарихымен танысты. Қостанай қаласындағы Марал Ишан атындағы мешіттің наиб-имамы Бақытжан Икрамұлы мен Константино - Елененский шіркеуінің молдасы Виталий Павлович Клеба студенттерге ислам және христиан діндері туралы толық мағлұмат берді, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.