Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Іс шараның өткізілуі туралы ақпарат

05.10.2015
Іс шараның өткізілуі туралы ақпарат

2015 жылдың 2 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы шығармашылық адамдардың мысалы ретінде жаңа биіктерге ұмтылған жастарды қалыптастыру мақсатында еңбек күнін тойлау барысында кәсіби табысқа қол жеткізген адамдармен «Еңбек қуанышы мен өмір бақыты» атты дәстүрлі кездесу өткізді.

Іс-шараға қатысушылар: Көпей Әбдірахманқызы Малшыбаева – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Астана» медалінің иегері, Қостанай қаласының құрметті азаматы. Ольга Еремкина – журналист, контент-менеджер, alau.kz сайтының бас редакторы, РТН құрамында Қазақстан Президентінің сыйлығының иегері, Нұр Сұңқар республикалық байқауының дипломанты, Қостанай облысы әкімінің сыйлығын үш мәрте иеленген, Қостанай облысы меценаттары сыйлығының иегері. Алеся Флакс-Прокопчук – белгілі қостанайлық стильші-колорист, «Selective» компаниясының ресми технолог маманы.

Кәсіби мамандар өз тәжірибелері туралы, өз мамандықтарының кәсіби ерекшеліктері туралы жастармен ой бөлісіп, өз еңбектерінің нәтижесін көрсетті. № 18 мектептің оқушылары өз кезегінде өздерін қызықтырған сауалдарды қойып, мамандардан нақты жауап алды.

Галерея изображений