Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Туған жерге тағзым» Астана қаласындағы суретші Ринат Елубаевтың жеке көрмесі

29.09.2022
«Туған жерге тағзым» Астана қаласындағы суретші Ринат Елубаевтың жеке көрмесі

2022 жылдың 29 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, Астананың жас суретші-кескіндемешісі Ренат Елубаевтың «Туған жерге тағзым» атты дербес көрмесі ашылды. Ренат Елубаев Қостанай облысының Арқалық қаласында туған, бала кезінен сурет салумен айналысты. 2002 жылы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенті кезінде облыстық плакаттар байқауында бірінші орын алды. 2005 жылы Ренат Елубаев «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты атанды. Ренат Елубаев Мәскеу, Одесса, Сан-Маринодағы халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте жүлдегері; Беларусь Республикасындағы «Куршинале-2015» Халықаралық өнер олимпиадасының Бас жүлдесінің иегері және АҚШ «New York Realism fine art» көрмесінде алтын медальмен марапатталды. Оның жеке көрмелері Армения, Беларусь, Ресейде ұйымдастырылды. Ренат Елубаев 2018 жылы көзін жұмып отырып сурет салып «Ғажап адамдар» («Ресей 1» телеарнасы, Мәскеу) халықаралық байқауының финалисі болды. 2021 жылы суретші Р.Елубаев «Ресей өнер сыйлығы» халықаралық жобасы аясында Константин Коровин атындағы дипломмен марапатталды.

 

Оның шығармашылық өрісі түстер үйлесімі мен мазмұны терең философиялық тарихи, этнографиялық, пейзаждық жұмыстардан тұрады. Көрме бір ай бойы  жұмыс істейді.