2022 жылдың 28 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Астана қаласынан келген Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Ренат Елубаевтың «Акварель технологиялары» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағына Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің "Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау" ББ бірінші және үшінші курс студенттері қатысты. Қазақстанның танымал суретшісі Ренат Елубаев акварельдік жұмыстарды жасау шеберлігімен бөлісті. Студенттер бұл процеске белсене қатысып, баға жетпес тәжірибе алды және жаңа білімді игеруге деген құлшыныстарын көрсетті. Шеберлік сабағына Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, өнертанушы Мария Төлегенқызы Жұмағұлова қатысты.