Бүгін, Балалар жылы аясында және Еңбек күні мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Еңбек ер атандырады» тақырыбында музей сабағын өткізді, сабақ барысында музей қызметкері жалпы білім беретін № 19 мектептің оқушыларына мерекенің негізгі мақсаты, идеясы мен тарихи деректер туралы айтып берді. Еңбек күні жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілді. Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идея шеңберінде жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.