21 қыркүйек күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті қоғам қайраткері, ақын, көсемсөзші, түркітанушы ғалым және лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «А.Байтұрсынұлы мұрасы – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, өлкетанушылар, архив, музей, кітапхана қызметкерлері қатысты.
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары филология ғылымдарының докторы, профессор А.А.Әбсадық, филология ғылымдарының кандидаттары С.Оспанұлы, К.Мырзағалиева, ақын, филология ғылымдарының кандидаты А.Қ.Шаяхмет, философия ғылымдарының кандидаты Қ.Х.Жақып, Астана халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.С.Өскембаев, А.Байтұрсынұлы музей-үйі жетекшісі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Р.С.Имаханбет, Торғайдың Жангелдин музейлер кешенінің басшысы Г.Қ.Сәрсекей, А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахаң жүріп өткен жолмен» экспедициясының мүшелері И.Ағытай, А.Мауданов, «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің маманы А.Қ.Әлімжанов, Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері А.Ә.Серікбаева, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің ғылыми қызметкері Б.Ж.Сағынтаев, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Н.Қ.Оташева баяндамалар жасады.
Іс-шара онлайн/офлайн түрде өтті. Дөңгелек үстелге қатысушыларға Қазақстанның халық жазушысы М.Хакімжанованың А.Байтұрсынұлы туралы естелігінен деректі фильмнің үзіндісі көрсетілді.
Дөңгелек үстел барысында А.Байтұрсынұлының өскен ортасы, ұстаздары, қызмет жолы, шығармашылық мұрасын зерделеу, қазақтың музыка мәдениетіне қосқан үлесі, сондай-ақ музей ісінде насихаттау барысы жайында сөз қозғалды.