2022 жылдың 30 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті қоғам және саяси қайраткер, көсемсөзші, әдебиет сыншысы Ілияс Омаровтың туғанына 110 жыл толуына орай «Өмір философиясы» атты музыкалық-көркем кеш өтті. Шара барысында шақырылған қонақтар Ілияс Омаровтың шығармашылық және өмір жолы туралы мағлұмат алып, бейнефильмнің үзінділерін тамашалады, білімдерін өмірбаяндық деректермен толықтырды, сонымен қатар автордың өлеңдері оқылды. Қостанай қаласындағы №1 музыкалық мектептің оқушысы Қанапин Дарханның орындауындағы ұлттық күйлер жақсы әсер қалдырып, қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады.