30 қазанда А. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары үшін қаланың байырғы тұрғыны, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Г.М. Соковпен «Қостанай суретші көзімен» атты экскурсия өткізілді. Экскурсияда Георгий Михайловичтің Қостанай қаласының бұрынғы көрінісі бейнеленген картиналарының репродукциялары ұсынылды, қазіргі кезде олардың көпшілігі сәулет ескерткішіне айналған. Суретші Қостанай қаласында туып-өскен, өзінің бірсыпыра картиналар сериясын Қостанай қаласына арнаған. Әрбір туындысы романтикалық пейзажымен туған қалаға және осында тұратын адамдарға деген жылулық, сүйіспеншілік пен қуанышқа толы. 20 жылдан астам уақыт бойы «Көне Қостанай» сериясымен сүйікті қаласының сәулетін кенеп бетіне түсіріп, келер ұрпақ еншісіне қалдырып отыр. Оқушылар серуен кезінде суретшінің қалаға деген сезіміне қанығып, танымдарын кеңейтті.