Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

2022 жылдың 7 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Л.И.Русин атындағы жеке меншік көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстарының «Жануарлар әлемі бейнеленген суреттер» атты көрмесі ашылды

10.10.2022
2022 жылдың 7 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде  Л.И.Русин атындағы жеке меншік көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстарының «Жануарлар әлемі бейнеленген суреттер» атты көрмесі ашылды

2022 жылдың 7 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде  Л.И.Русин атындағы жеке меншік көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстарының «Жануарлар әлемі бейнеленген суреттер» атты көрмесі ашылды. Көрмеде түрлі техникада орындалған 90-нан астам жұмыс ұсынылды, жұмыстардың негізгі тақырыбы - жануарлар әлемі. Көрменің «Жануарлар әлемі бейнеленген суреттер» деген тақырыбы барлық қырынан ашылған. Барлық жұмыстарды табиғатқа, туған жерге, туған шаңырағына, өз ғаламшарына деген махаббат біріктіреді. Көрермен дарынды және асқан мейірімді балалардың қылқаламынан шыққан фантастикалық ғажап әлеммен танысты.

Жас суретшілердің қабілетін іске асыруға және шығармашылық әлеуетінің ашылуына өнер ордасы - көркемсурет мектебі көмектеседі. Л.И. Русин атындағы жеке меншік мектептің оқытушылар ұжымы -  жоғары кәсіби және талантты құрам, оларды бастамашыл және жігерлі мектеп директоры Наталья Николаевна Ниязбаева басқарады. Л.И. Русин атындағы мектеп 2015 жылы ашылған.  

 

Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.