Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Өткенді бірге сақтаймыз» Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне және Халықаралық Жер күніне арналған музей акциясы

18.04.2017
«Өткенді бірге сақтаймыз» Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне және Халықаралық Жер күніне арналған музей акциясы

Жыл сайын 18 сәуірде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні атап өтеміз. Бұл күн 1982 жылы ЮНЕСКО шешімімен бекітілген, ал 1984 жылдан бері жыл сайын мереке ретінде аталып келеді.

Қостанай облысы табиғи және мәдени мұраларға бай. Тарихи және мәдени ескерткіштер біздің өңіріміздің баға жетпес қоры болып табылады, едәуір маңызда оның туристік тартымдылығын арттырады.

Бұл аспект, әлемдік қауымдастық жағынан зор туристік қызығушылықты туғызатын Халықаралық «Еxpo-2017» көрмесі өтетін жылы әсіресе маңызды.

Қостанай қаласына туристерді тартуда көбіне жаңа технологиялардың ықпалы зор. Осы мақсатта, кез келген қала тұрғындары мен туристерге ескерткіш туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тарихи мағлұматтар алуға мүмкіндіктер беретін, қаламызда сәулет ескерткіштеріне QR-коды бар ақпаратты тақталарды бекіту жұмыстары бойынша Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен жас кәсіпкерлердің «Жас Атамекен» клубының жобасы жүзеге асырылады.

18 сәуірде акция барысында «Ағайынды Яушевтар Пассажы» ғимаратына алғашқы ақпараттар тақтасының салтанатты ашылуы өтті.

Сондай-ақ іс-шара барысында азаматтық сәулет ескерткіштері бойынша «Көшелер тарихын біл!» атты жаяу интерактивті экскурсиясы және «Тарихи бақтағы ескерткіштерді тазалайық!» атты экологиялық мәдениеттану акциясы өтті, шараға қатысушылар көпес үйлерінің тарихымен, туған қалаларының көшелері атауларымен танысып қана қоймай, сондай-ақ музейдің Тарихи ескерткіш саябағындағы көркейту жұмыстарын жүргізді.