Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ЭКСПО-2017 аясында сәндік-қолданбалы өнер туындылары көрмесінің ашылуы

19.04.2017
ЭКСПО-2017 аясында сәндік-қолданбалы өнер туындылары көрмесінің ашылуы

2017 жылдың 18 сәуірінде сағат 15.00-де картина галереясында ЭКСПО – 2017 аясында сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылып, бір ай көлемінде жұмыс істейді.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде өткізілген.

Сәндік-қолданбалы өнер халықтың көне қолөнер дәстүрлерін сақтап, байыта отырып, қазіргі мәдениетте жарқын көрініс тапты, тұрмыстың ажырамас және маңызды элементіне айналды.

Көрмеге қатысып отырған 14 қатысушы танымал суретшілер мен қолөнерші шеберлер - кілем тоқу, тері, ағаш, металл өңдеу техникаларында өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынған.

Леонид Игошиннің металдан өрнектеліп жасалған зергерлік бұйымдары таңқаларлық әдемі, олар филигрань техникасында орындалған. Баян Есмолдинаның кілем тоқудағы авторлық жұмыстары ұлттық нақышқа толы. Ағаш өңдеудегі дәстүрлі көркемдік әдістер Мұхаметқали Рахалиев, Артем Шестаков, Таңатқан Божақов пен Виталий Малярдың жұмыстарында көрсетілген. Жас суретші Айдын Диханбаевтың туындылары тері өңдеу дағдыларын шебер игергенін аңғартады. Наталья Халифаева мен Дмитрий Шалуновтың металл мен ағашқа шағын суреттер салуы өзіндік бірегейлігімен тартымды.

Көрме қарапайым нәрселерден ғажайып туындыларды көруге жол ашады, ең бастысы, өзіндік ынта-ықыласты тудырады.