7 сәуір 2017 жылы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде денсаулық күніне байланысты Қостанай облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығымен бірлескен «Денсаулық – бірінші байлық» атты іс-шара өтті.
Шараға шақырылған Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттеріне орталық әдіскері Рәбиға Наукенова Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымдарының тақырыбына айналған депрессияның алдын алу тәсілдері жайында, денсаулық кепілі - дұрыс тамақтану жолдары туралы айтып берді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қостанай облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы шығарған ақпараттық бүктемдер таратылды.