Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ҚР халық суретшісі Жаңатай Шәрденовтің 90 жылдығына арналған «Тау әуені» атты музей сабағы

07.04.2017
ҚР халық суретшісі Жаңатай Шәрденовтің 90 жылдығына арналған «Тау әуені» атты музей сабағы

2017 жылы 6 сәуірде А.Никифиров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі жиынтығының алтын қорын құрайтын Қазақстанның көрнекті суретшілерінің туындыларымен танысуы жалғасты.

Жаңатай Шәрденов және оның пейзаждары - ҚР халық суретшісінің 90 жылдығына арналған музей сабағының тақырыбына айналды.

Жас көрермендердің назарына табиғат көрінісінің реңкі қардай жарқырап, жазғы уақыттағы немесе кеш батқан сәттегі бояулар үйлесімімен көз тартатын «Тауда», «Медеудегі кеш», «Тауда. Жаз» атты туындылар ұсынылды. Суретшінің өнеркәсіп пейзажында батыл және еркін түрде салынған «Қарағанды зауыты» атты туындысы құрылым ырғағы, тігінен түскен түстер ауқымымен қызықтырады.

Музей сабағы барысында оқушылар суретшінің балалары Зухра мен Бақыт Шәрденовтердің естеліктерінен тұратын бейне көріністен суретшінің өмірі жайында мол мағлұмат алды.

Іс-шара соңында А.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің директоры Татьяна Владимировна Кузьменкова музей қызметкерлеріне қызықты музей сабағы үшін алғыс айтты және оқушылардың көңілін көрнекті суретші туындыларының түпнұсқалығына аударып, суретшінің әрбір туындыны қанық бояулармен әсерлі сомдағанын атап өтті.

Іс-шара қонақтарына Жаңатай Шәрденовтің қор жиынтығындағы туындыларының тізбесі сыйға тартылды.