2016 жылы 16 маусымда сағат 12.30-да Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Техникалық шығармашылық мектебі оқушылары туындыларының «Балалар қолынан шыққан ғажайыптар» атты көрмесінің ашылуы өтті.
Балалар шығармашылық мектебі - бұл эстетикалық, сәндік-қолданбалы және интеллектілік даму саласындағы көп бейінді орталықтың бедел-бейнесі нық бекіген қосымша білім беру мектебі болып табылады.
Көрмеге үлгі жасаушы жастардың әртүрлі шығармашылық жұмыстары қойылған. Олар өздерінің шебер қолдарымен кеме-, авто-, авиаүлгілеу, трассалық моделизм, бастапқы-техникалық үлгілеу саласындағы көз тартатын, қолдануға болатын үлгілер мен макеттерді жасаған.
Барлық қатысушыларды Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ү.Б.Әкімбаева, Техникалық шығармашылық мектебінің оқу-тәрбие жұмысы бойынша директорының орынбасары Н. Н. Зубко, трассалық моделизм үйірмесінің оқытушысы В.В. Лапытько құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Жастар вокалшы дуэті Артур Гаан және Игорь Фоменко көрмеге келген барлық қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.