6-шы шілдеде қазақстандықтар Астананың 18 жылдығын атап өтеді. Астана күні - 1998 жылы қала Астана мәртебесін алғаннан бастап атап өтілетін мереке. Бұл мерекенің халық үшін маңызды тарихи-мәдени мәні бар және ол жас тәуелсіз мемлекет жетістіктерінің символы болып табылады.
2016 жылы 5 шілдеде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде № 5 Орта мектеп жанындағы лагерьдің оқушыларымен «Астана - бірлік пен өркендеудің белгісі» атты музейлік сабақ өтті. Сабақ барысында балаларды сайыстар мен викториналарға қатыстыра отырып, Астана бойынша виртуалды экскурсия жүргізілді, экскурсия балалардың бойында еліміздің елордасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға, отаншылдық сезімін оятуға ықпал етті.