Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Николай Кудиновтың дербес фотокөрмесінің ашылуы

18.07.2016
Николай Кудиновтың дербес фотокөрмесінің ашылуы

2016 жылдың 4 тамызында қостанайлық танымал фотосуретші Николай Андреевич Кудинов 75 жасқа толады. Осыған орай, 2016 жылдың 15 шілдесінде картина галереясында фотосуретшінің төртінші дербес көрмесі ашылды.

Николай Кудинов фотосуретпен 45 жыл бойы айналысып келеді, алғашында әуесқой қызығушылық болса, кейін кәсібіне айналды. Николай Андреевич 1969 жылы Харьков инженерлік-құрылыс институтының сәулет факультетін аяқтағанан кейін Қостанайға жобалау институтына жұмыс істеуге келеді. Ол 1976 жылдан Қостанайдың көркемсурет-өндірістік шеберханаларында қызмет етті, ол монументалдық-сәндік жұмыстар – сграффито, мозаиканы орындауға қатысты.

Көрменің авторы қалалық және облыстық көрмелердің белсенді қатысушысы, оның фотожұмыстары бірнеше рет «Лениндік жол» қазіргі «Костанайские новости» газетінде бірнеше рет жарияланды.

2001 жылы көрме залында автордың 60 жасқа толғанына орай алғашқы дербес көрмесі өтті. 2009 жылы Л. Толстой атындағы ОӘҒК-да алғаш рет әкелі-балалы Кудиновтер «Өткен мен болашақтың аралығында» атты бірлескен фотокөрмесін ұсынды. 2011 жылы картина галереясында фотосуретшінің «Жан сәулесі» атты үшінші дербес көрмесі өтті.

Николай Андреевич Кудиновтің мерекелік дербес көрме вернисажында 70 шығармашылық жұмыстары – портреттер, пейзаждар, натюрморттар, композициялар ұсыныған. Фотошебердің жұмыстарының әрқайсысының өзіндік қызық тарихы бар.

Фотосуретші Николай Кудинов өз обьективінде қоршаған ортаны әр қырынан көрсетіп, барлық тіршілікке және жерге деген махаббатты оятады.

Николай Кудиновтың дербес көрмесі картина галереясында бір ай бойы жұмыс істейді.

Галерея изображений