Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Теңге тарихы»- ұлттық валютаның айналымға түскеніне 25 жыл толуына арналған музей жобасы

14.11.2018
«Теңге тарихы»- ұлттық валютаның  айналымға түскеніне 25 жыл толуына арналған  музей жобасы

Ұлттық валюта – төл теңгеміздің айналымға енгізілгеніне 25 жыл толды, ширек ғасыр ішінде теңге өзінің қабілеттілігі мен тұрақтылығын дәлелдей отырып, түрлі сынақтарды және қиыншылықтарды басынан өткерді. Алғашқы теңге үлгілері біртіндеп айналымнан шығарылып, заман талабына сай қайта жасалды. Ұлттық валютаның ең алғашқы үлгілерінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі үлгілерін жинақтап сақтау музей қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі.

14 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы №19 орта мектеп оқушыларына «Теңге тарихы» атты іс-шара өткізді. Шараға қатысушылар ұлттық валюта - теңгенің шығу, қалыптасу тарихы туралы мәліметтер толық мәліметтер алды. Іс-шара барысында музейдің нумизматикалық жиынтығынан Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қағаз купюралары, тиын үлгілері мен кейінгі ақша банкноттары қойылды.