2018 жылдың 15 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы №7 орта мектеп оқушыларына ұлттық валютаның айналымға түскеніне 25 жыл толуына арналған іс-шаралар топтамасын өткізді.
Оқушыларға ұлттық валюта - теңгенің шығу, қалыптасу тарихы туралы мәліметтер беріліп, құжатты бейне фильмдер көрсетілді. Іс-шара соңында «Теңге тарихы» тақырыбында танымдық ойындар өткізілді.