14 қарашада облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Сары шымшық күні» атты экологиялық акция өтті. Ежелден халық жоралғылары бойынша 12 қарашаға қарай қыстайтын құстар - сары шымшық, пайызторғай, суықторғай, шекілдек, самырқұстар таяп қалған суықты күні бұрын сезіп, адамның тұрғын үйлеріне жақынырақ ұшып келеді, адамдардан көмек күтеді деп саналатын. Бұл мереке «Зиновий – синичник» немесе «Сары шымшық күні» деп аталған.
«Сары шымшық күні» акциясына №18 мектептің оқушылары қатысып, қыстайтын құстар туралы, қоректендіру ерекшеліктері туралы көптеген мәліметтер алып, олардың даусын тыңдады. Балаларға біздің қала мен ауылдарда қыстайтын құстарға көмек ретінде жем салатын астаудың неден және қалай жасалатындығы көрсетіліп, айтылды.