2015 жылдың 20 қарашасында Картина галереясында белгілі қостанайлық суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Татьяна Изюмованың «Нұр мен шабыт» атты дербес көрмесі ашылды. Көрмеде акварель техникасында орындалған 33 туынды: пейзаждар, портреттер және этюдтер ұсынылған.
Татьяна Изюмова «Сұлулық біздің айналамызда», - деп өз туындылары арқылы көрерменді үйреншікті және ғажап қарапайым нәрсеге назар аудартады. Оның суреттерінде сұлулықты: портреттен және туған өлкенің табиғат көріністерінен, бір шоқ дала гүлдерінен және ағаш түбінде шашылған алмалардан көруге болады. Басқа техникаларға қарағанда, акварель талантты суретші Т.Изюмоваға сезінгенін дұрыс және нақты салуға мүмкіндік береді.
Көрмеде ұсынылған жұмыстар жан тазалығына, нәзіктікке, сүйіспеншілікке толы, қабылдауға жеңіл, сезімге және ойлануға мүмкіндік туғызады.
«Нұр мен шабыт» көрмесінің салтанатты ашылуына Т.Изюмованың әріптестері мен достары, қостанайлық ЖОО-ның студенттері, БАҚ өкілдері келді. Татьяна Изюмованы көрменің ашылуымен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ү.Б.Әкімбаева, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Г.Соков, Н.Назарбаев білім беру қорының штаттан тыс кеңесшісі Т.Давиденко, мәдениет ардагері Л. Маслюк, «ҚР Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы» ҚБ басқармасының төрағасы В. Быков және тағы басқалар құттықтады.
Көрменің ашылуында «Рисунки ветром» музыкалық триосы - Наталья Закора (гитара), Алексей Шергин (виолончель), Ксения Заберезникованың (скрипка) қатысуымен жанды әуендер орындалды.
Татьяна Изюмованың «Нұр мен шабыт» атты дербес көрмесі бір ай көлемінде жұмыс жасайды.