Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Міржақып Дулатовтың 130-жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы» атты портрет-кеш

20.11.2015
Міржақып Дулатовтың 130-жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы» атты портрет-кеш

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 2015 жылы 20 қарашада көрнекті ақын, драматург, публицист, қоғамдық-саяси қайраткер Міржақып Дулатовтың 130-жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы» атты портрет-кеш өткізілді.

Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада Қостанай облысының Сарықопа ауылында дүниеге келген. Ол педагогикалық курсты аяқтағаннан кейін ауылда мұғалім болып жұмыс істеді, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің қызметкері болды. Міржақып Дулатовтың «Оян қазақ» (1909 ж.) атты бірінші жинағы оны талантты ақын және ұлттың рухани көшбасшысы ретінде танытты.

Міржақып Дулатов Әлихан Бөкейханов және Ахмет Байтұрсыновпен бірге «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы болды. Ол қазақ әдебиетінде және қоғамдық көзқараста өзіндік із қалдырды, Міржақып Дулатов өз дарынымен Ш.Уәлиханов, А. Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтармен қатар тұр.

Атақты жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығына арналған мұражайлық іс-шараға қатысушылар Міржақып Дулатов туралы деректі фильмнен үзінді көріп, оның өмірбаянының беймәлім беттерінен хабардар болды және ұлы қазақ ақынының өлеңдерін тыңдады.