Әлемдегі ең көне мерекелердің бірі Наурыз мейрамы жақындап келеді. Бұл көктемнің келуімен, табиғаттың жаңаруымен байланысты көктемгі күн мен түннің теңелетін күні.
Наурыз мейрамының бірінші күнінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жәдігерлердің құпия сыры» атты түнгі экскурсия өтті. Бұл шарттан тыс уақыттағы ерекше экскурсия - жұмысына немесе оқуына байланысты қызықты экспозициялар мен көрмелерді тамашалауға уақыттары бола бермейтін Қостанай тұрғындары үшін музейдің мерекелік сыйы. Стильденген тарихи киімдер киген экскурсия жүргізушілер қонақтарға туған өлкенің ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі тарихымен, мәдениетімен және табиғатымен таныстырды. Экскурсия бойы әндер, музыкалық шығармалар, табиғат дыбыстары ерекше эмоционалды көңіл-күй мен уақыт рухын сезіндірді.