15 наурыз – «Шапағат күні»

15.03.2022

Наурыз мейрамының тұжырымдамасы бойынша әр күн белгілі бір салт-дәстүрге арналады. 15 наурыз – «Шапағат күні» мейірім мен қамқорлыққа, қайырымдылыққа бағытталған қазақтың ұлттық түп-тамырымен терең байланысқан ежелден еншімізге тиген дәстүріміздің бірі.

Бұл күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының "№ 2 ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған "балабақша-мектеп-интернат" Қостанай арнайы кешені" КММ-не қайырымдылық акциясын өткізді. Музей қызметкерлері қағаздан және фоамираннан қызғалдақтар жасау бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды. Балалар стендке көктемгі кілем мен түрлі түсті қызғалдақтардан бір шоқ гүл жасады. Мереке күніне орай әр балаға естелік кәдесыйлар мен құттықтау ашық хаттары таратылды.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін17   Кеше352   Бір аптаның ішінде897   Айында17   Барлығы309175  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі