16 наурыз – «Денсаулық күні»

17.03.2022
16 наурыз – «Денсаулық күні»

Бүгін 16 наурыз – денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған «Денсаулық күні». Бұл күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі мергендік спортының бір түрі «Дәстүрлі садақ ату» іс-шарасын ұйымдастырды. Шараға Қостанай қаласының дәстүрлі садақ ату клубының жаттықтырушысы Әсел Ербұланқызы мен садақшы қыздары қатысты. Музейге келушілер және №27 ОМ оқушылары садақ ату бойынша өз өнерлерін көрсеткен клуб шәкірттерінің ерекше қойылымдарын тамашалады. Жасөспірімдер үлкен қызығушылық танытып, садақ ату бойынша қысқаша нұсқау алып, өз мергендіктерін сынады.

 

Дәстүрлі садақ ату ерекше спорт түрі ғана емес, сонымен қатар тарихқа деген сүйіспеншілік пен жастар бойында қайсарлықты қалыптастырады.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін216   Кеше259   Бір аптаның ішінде1355   Айында475   Барлығы309633  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі