2022 жылдың 16 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында «Ауыл» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің 100 жылдығына орай газет тарихы туралы әңгімеледі.
Газеттің негізін салушылар М.Сералин, Б.Майлиннің және басқа да журналистердің еңбегі жайында айтып, музей қорынан құжаттар мен фотосуреттер көрсетілді.