Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

17 наурыз - Бақытты балалар күні

17.03.2022
17 наурыз - Бақытты балалар күні

Мереке, қуаныш, көңілді әрі жарқын әсерлер, жаңа сезімдер театрмен байланысты. 17 наурызда «Бақытты балалар күні» Наурыз мейрамын тойлаудың тұжырымдамалық жоспарына сәйкес Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі облыстық қуыршақ театрымен бірлесе отырып, кішкентай көрермендер үшін «Қаздың балапаны» атты балалар спектаклінің тегін көрсетілімін ұйымдастырды. Қуыршақ театрының әртістері балаларға нағыз мейірімді ертегі мерекесін ұсынды.

 

Тобыл қаласының №1 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары ертегі кейіпкерлеріне шын көңілден толғанып,  қойылымды шынайы қызығушылықпен тамашалады. Кішкентай көрермендеріміз  ерекше эмоцияларға бөленді!