«Амал күні» акциясы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында танымал адамдармен кездесу

15.03.2022
«Амал күні» акциясы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында танымал адамдармен кездесу

Амал мерекесі – жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, «Бір жасын құтты болсын!» деп тілек айтады.

 

«Амал күні» акциясы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және салт-дәстүрді жаңғырту мақсатында 2022 жылдың 14 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қостанай қаласының белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылары, ғалымдарымен кездесу өтті. Музей ұжымы құрметті қонақтарға – Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметке, айтыскер ақын Әлпия Орманшинаға, Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері Пиалаш Сүйінкинаға, тарихшылар Өтеген мен Гүлмаржан Исеновтерге, Қостанай облыстық аналар кеңесінің мүшесі Гүлжәмила Сүндетбаеваға, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақыпқа қоғамдық мәдени іс-шаралар мен музейге адал ниетпен көмек көрсеткендері үшін шын жүректен алғысын білдірді. Ұлттық тағамдардан жасалған мерекелік дастарханда қонақтар Наурыз мейрамының тарихы мен дәстүрі туралы әңгімеледі. Мереке соңында іс-шараға келген қонақтың үлкені бата берді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін33   Кеше171   Бір аптаның ішінде732   Айында5358   Барлығы295481  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі