Суретшілер Светлана мен Дмитрий Шалуновтардың «Уақыт өзені» дербес мерейтойлық көрмесі

14.03.2022
Суретшілер Светлана мен Дмитрий Шалуновтардың «Уақыт өзені» дербес мерейтойлық көрмесі

2022 жылы 11 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде «Уақыт өзені» атты мерейтойлық дербес көрменің салтанатты ашылуы өтті. Бұл - ҚР суретшілер одағының мүшесі Светлана Ивановна Шалунова (70 жасқа толуына орай) мен оның ұлы - белгілі қостанайлық суретші-қолөнерші Дмитрий Александрович Шалуновтартың (50 жасқа толуына орай) бірлескен шығармашылық тандемі.

«Уақыт өзені» көрмесінің экспозициясы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залының бірінші қабатында орналасты.

Көрмеге авторлардың шығармашылық мұрасынан 100-ден астам туынды ұсынылды. Жұмыстардың мұндай саны көрерменге кескіндемеші Светлана Ивановна мен график Дмитрий Александровичтің жан-жақты шығармашылығын, сондай-ақ екі автордың сәндік-қолданбалы өнерін толық бағалауға мүмкіндік береді.

Қостанай облысының меценаттар клубы сыйлығының иегері Светлана Шалунованың кескіндеме туындыларының орталық бөлігін пейзаж алады. Айналадағы әлемнің сұлулығын нәзік сезіне отырып, суретші табиғаттың барлық ерекшелігін жеткізеді. С.И. Шалунованың кескіндемелік суреттері мен киізден жасалған сәнді бұйымдарының танымалдығының ерекшелігі ашық түсті палитра мен композициялық шешімдердің үйлесімділігінде.

Таңдалған тақырыптардың өзіндік ерекшелігі, сызықтардың сенімділігі және бөлшектердің мәнерлілігі Дмитрий Шалуновтың ағаш пен металға салған көркем кескіндемесіне де, графикалық жұмыстарына да тән.

 «Уақыт өзені» дербес мерейтойлық көрмесі - екі шығармашыл тұлғаның суретші ретінде қалыптасқан туған жерге деген үлкен сүйіспеншілігін көрсететін диалогтың бір түрі.

 

Суретшілер Светлана Шалунова мен Дмитрий Шалуновтың дербес мерейтойлық көрмесі 25 наурызға дейін жұмыс істейді.

 

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін12   Кеше352   Бір аптаның ішінде892   Айында12   Барлығы309170  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі