Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Тәуелсіз Қазақстанға саяхат» интеллектуалды тур

13.12.2018
«Тәуелсіз Қазақстанға саяхат»  интеллектуалды тур

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына 27 жыл толып отыр. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы.

2018 жылдың 13 желтоқсанында музей қызметкерлері Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Қостанай қаласындағы №2 және №5 орта мектептің 8-9 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстанға саяхат» атты интеллектуалды тур өткізді. Іс-шараның кіріспе бөлімінде қатысушыларға еліміздің тәуелсіздігі жолындағы тарихи шежіресі туралы мәліметтер берілді, екінші бөлімде балалар 6 кезеңнен тұратын: «Командалардың амандасуы», «Білгірлер жарысы», «Тарихи тұлғаны танып біл», «Үздік аудармашы» музейлік зияткерлік байқауына қатысып, Қазақстан тарихы жайында, ұлы тарихи тұлғалар өміріне қатысты сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түсті.