Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ұлы даланың ұлттық тарихы» музей сабағы

11.12.2018
«Ұлы даланың ұлттық тарихы» музей сабағы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Елбасы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті.

2018 жылы 11 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері және №3 Затобол мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Ұлы даланың ұлттық тарихы» атты музей сабағын өткізеді.

Іс-шара барысында музей қызметкерлері «Ұлы дала құпиялары» құжатты фильмін көрсете отырып Елбасы мақаласының басты бағыттарын түсіндірді, шақырылған қонақтар - тарих ғылымдарының кандидаты, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ доценті Ө.И. Исенов, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ аға оқытушысы А.Е.Ералина бағдарламалық мақаланың маңыздылығына тоқталып, өз пікірлерін ортаға салды.

Галерея изображений