Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімі залында суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай Меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері Наталья Халифаева батик техникасы бойынша А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушыларына шеберлік сағатын көрсетті.
Облыстық және республикалық көптеген көрмелердің қатысушысы, шығармашылық байқаулардың жеңімпазы, суретші Наталья Халифаеваның есімі қостанайлық көрермендерге жақсы танымал. Н. Халифаева - Астанадағы «ЭКСПО-2017» бірегей мәдени-туристік және имидждік жобасы - «Этноауыл» кешенінің көрмесіне қатысқан, қостанайлық қолданбалы өнер шеберлерінің бірі.
Автормен бірге олар жаңа жылдық шыршаны дер кезінде жеткізуге асыққан бұғы жеккен шанадағы Аяз атаны және ақша қар өрнектерімен жаңа жылдық ертегі композициясын жасады.
Болашақ суретшілер шебердің жұмысына қызыға қарап, сұрақтар қойып, шығармашылық жұмысқа ат салысты.