Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде балаларды қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу мақсатында «Тірі ғаламшар» атты балаларға арналған экологиялық-танымдық интерактивті бағдарлама шеңберінде іс-шара өтті. Балалардың сирек кездесетін жануарлар және қорғауға алынған түрлері туралы қызықтырған сұрақтарына музей қызметкері А.В.Андрющенко жауап берді.
Іс-шара қонақтары жануарларды көріп қана қоймай, теңіз шошқаларымен естелік суретке де түсті.