Бүгінде мемлекеттік рәміздер күні әрбір қазақстандықтың патриотизм мен елге деген мақтанышын оятатын мерекеге айналды. №2 орта мектептің оқушылары мерекеге орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Туған елім менің – Қазақстаным!» атты интеллектуалды-танымдық ойынға қатысты. Балалардың назарына мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы туралы құжатты фильмнен үзінді көрсетілді. Балалар еліміздің гимнін орындап, «Білімпаздар байқауына» белсенді қатысып, өз білімдерін сынады. Іс-шара соңында Отанына деген сүйіспеншіліктерін және патриоттық сезімдерін нығайту үшін кластер құрастырып, «патриот» деген ұғымға сипаттама берді.