3Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына «Сиқырлы әшекей» атты былғары мен жұқа киізден әшекейлер дайындау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Киіз бен былғары жұмсақ әрі қолдануға ыңғайлы. Оларды желімдеу, тігу, кесу, бүктеу оңай және балалар шығармашылығына таптырмайтын материал болып табылады. Музей қызметкері, қолөнер шебері Қ.Б. Бейісова басынан аяғына дейін бұйымды жасаудың барлық үдерісін көрсетті. Жұмыс барысында табиғи былғарының бірнеше қиығы, жұқа киіз, қайшы, желім, үлгі құрылғы қолданылды. Балалар өз қолдарымен түрлі бұйымдар жасады.