Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ ғылыми қызметкері А.В.Колбинаға мінездеме

24.05.2023
Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ ғылыми қызметкері А.В.Колбинаға мінездеме

Колбина Алина Викторовна Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2007 жылдан бері ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Білімі - жоғары.

Қазақстанда сирек кездесетін ғылыми палеоантрополог маман А.В. Колбина елеулі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. А.Байтұрсынұлы атындағы ӨМУ, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Ә.Х.Марғұлан (Алматы) атындағы археология институтының археолог мамандарымен бірлесіп жұмыс істейді. Қазақстанның ежелгі тұрғындары геномының ДНҚ-сын зерттеу жөніндегі халықаралық жоба аясында Копенгаген университетінің және Биогенетика орталығының (Дания) скандинавиялық ғалымдарымен бірлесе отырып музей қорындағы қола дәуірінің антропологиялық материалына экспресс-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Макдональд археологиялық зерттеулер институтымен және Кембридж университетімен (Ұлыбритания) бірлесіп «Революция-Еуразияның ерте металлургиясының эволюциясы» ұзақ мерзімді ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырылды.

А.В.Колбина дамыған қола дәуірінің Бестамақ археологиялық кешенінің, бірегей Халвай археологиялық ескерткіштер тобының қазба жұмыстарына қатысты. Ұлттық игілік ҒЗИ физикалық антропология зертханасы үшін Қостанай және Ақмола облыстарының антропологиялық материалдар жинағының электрондық нұсқасын дайындады (Астана).

А.В.Колбина Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының визиттік орталығының археологиясы мен тарихы бойынша экспозиция құруға белсенді қатысты.