Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақтың сиқырлы әлемі» танымдық ойын бағдарламасын дайындады. Зияттық ойынға №2 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Сайыс бағдарламасына жұмбақтар, тартысты ойындар, ойжұмбақтар, сыйлықтар кірді. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, ең бастысы көптеген жағымды эмоциялар мен тамаша көңіл-күйге бөленді. Ойын қорытындысы бойынша достық жеңді. Музей қызметкері эмоционалды жағымды мерекелік көңіл-күй сыйлай білді.