Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Шектеусіз мұражай» - мәдени-білім беру акциясы

28.07.2016
«Шектеусіз мұражай» - мәдени-білім беру акциясы

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі жыл сайын жазғы демалыс уақытында жазғы лагерьлерде демалатын балалар үйлері тәрбиеленушілері мен балалар үшін көшпелі көрме акциясын ұйымдастырады.

Музей қызметкерлері 2016 жылы 27 шілдеде Бәкіров атындағы демалыс лагерінде «Шектеусіз мұражай» атты акция шеңберінде: «Тобыл жағалауындағы қала», «Қостанай облысы: кеше, бүгін, ертең», «Ежелгі Бестамақ Артефактары», «Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Наурызым қорығы» жылжымалы көрмелерін ұйымдастырды. Танымдық-көңіл көтеретін іс-шара барысында балалар өңірдің мәдени мұрасы мен археологиялық ескерткіштері туралы, Қостанай қаласының қалыптасу тарихы, Қостанай облысының бірегей табиғаты мен даңқты тарихы жөнінде көп мағлұмат алды.