2016 жылдың 11 тамызында картина галереясында Қостанай қаласының 137 жылдығына арналған қостанайлық суретшілердің «Мерекелік палитра» көрмесі ашылды.
Суретшілерді біріктірген басты тақырып, біздің қаламыз - оның әсем айналасы, көшелері, ғимараттары, адамдары болып табылады.
Нағыз суретші ғана бізді қоршаған ортаның ерекше көркемдігін байқап, өзінің әлемді қабылдауын, туған қаласына деген шынайы махаббатын адамдарға жеткізеді. Бейнелеу өнерінің қостанайлық қылқалам шеберлері өз дарындарымен түрлі тақырып пен жанрларда бояулар үйлесімін келістіре отырып, қала тарихы мен оның өмір ағымын көркем бейнелейді.
«Мерекелік палитра» көрмесінің экспозициясында авторлардың ұсынған картиналарынан өзге музей қорының жиынтығынан туындылар енгізілген.
Көрме картина галереясында бір ай бойы жұмыс істейді.