Қостанай облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 ПАЙДАЛЫ ІС» республикалық акциясын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне үлес қосқан әйелдер туралы (ережесі қоса беріліп отыр) «Әйелдің қалыптасуы» атты фотоконкурстыңөткізілетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне үлес қосқанәйелдер туралы «Әйелдің қалыптасуы» атты фотоконкурстың өткізілуі туралы
Ереже
Жалпы ережелер
Осы ереже фотоконкурсты ұйымдастыру мен өткізудің мақсат-міндеттерін, қатысушыларды іріктеу тәртібі мен өткізу мерзімін айқындайды.
Мақсаты мен міндеттері
Фотоконкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуына үлес қосқан әйелдердің бейнесін фотосуреттің портреттік, тақырыптық, репортаждық, деректі және өзге де жанры мен түрлерінде ашу мақсатында өткізіледі.
Фотоконкурстың мақсаты:
• ҚазақстанРеспубликасыТәуелсіздігінің қалыптасуына үлес қосқан әйелдердің жарқын бейнесін жасау;
• фото өнері саласындағы шығармашылық қабілеттерін айқындап, ашып көрсету;
• фотосурет өнерінің жанрларын және қазіргі кезеңдегі өнердің фото өнердегі мәдени дәстүрлерін көпшілікке тарату;
• шығармашыл аудиторияның қызметін жандандыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуына әйелдердің қосқан үлесіне БАҚ пен жұртшылықтың назарын аудару;
Ұйымдастырушылар
Қостанай облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ.
Конкурстың шарттары
Фотоконкурсқа Қостанай облысының 20 жастан жоғары кәсіби фотографтары мен фотосуретшілері қатыса алады.
Бір автор жұмысының жалпы саны 5 фотосуреттен артық болмауы тиіс.
Конкурсқа қатысуға 600 dpi және одан жоғары ажыратымды электрондық нұсқадағы фотожұмыстар қабылданып, рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Әрбір жұмыста автор туралы деректер аты-жөні және жұмыстарының атаулары көрсетілуі тиіс.
Конкурсқа қатысу конкурс шарттарымен келісімді білдіреді.
Анықтама телефондары: 8 (7142) 502-888, 502-032.
Өткізу мерзімі
Қатысушылар өтінімдіқосымшаға сәйкес түрде фотожұмыстардың электрондық нұсқаларымен жарияланған уақыттан 2016 жылдың 31тамызын қоса алғанда This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекенжайға «Фотоконкурс» белгісімен немесе Алтынсарин көшесі, 113 мекенжайына тапсырады.
Ұсынылған жұмыстарды 2016 жылдың 1 қыркүйегінен 10 қыркүйегіне дейін білікті қазылар алқасы төмендегідей белгілермен бағалайды:
1. Фотоконкурстың тақырыбына сай болуы;
2. Орындау техникасы мен сапасы;
3. Идеясының өзгешелігі мен жұмыстың мазмұны;
4. Жұмыстың әсерлілігі;
5. Жалпы қабылдау.
Қазылар алқасының шешімі соңғы шешім болып табылады. Қазылар алқасының ұсынылған жұмыстардың қайсысы фотокөрменің экспозиция құрамына енетінін анықтауға құқығы бар.
Қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау
Конкурс қорытындысы бойынша 3 лауреат анықталып, І, ІІ, ІІІ орындар үшін Дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Фотокөрменің салтанатты ашылу рәсімі мен конкурс лауреаттарын марапаттау 2016 жылдың 15 қыркүйегінде Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 113 мекенжайында өтеді.
Қосымша
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне үлес қосқан әйелдер туралы «Әйелдің қалыптасуы» атты фотоконкурсқа қатысуға
өтінім
Қатысушыныңтегі, аты, әкесінің аты | Жұмыстардың авторлық атауы | Орны мен түсірілген уақыты | Жұмыстың қысқаша сипаттамасы | Байланыс деректері (жұмыс, ұялы, үй телефондары, электрондық мекенжайыжәне т.б.) |
«Қостанай таңы» облыстық газетінде 2016 жылғы 10 тамыздағы № 87 (18449) нөмірінде конкурс жайлы ақпарат жарияланған.