Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Білім мұхитына саяхат» атты мұражайлық сабақ

01.09.2016
«Білім мұхитына саяхат» атты мұражайлық сабақ

1 - қыркүйек дәстүрлі жаңа оқу жылының басталуымен байланысты. Бұл күні барлық оқушылар, студенттер, сондай-ақ мұғалімдер мен оқытушылар ұзақ жазғы демалыстан кейін, жұмыс күндерін қайта бастайды.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Білім күніне орай ұйымдастырылған «Білім мұхитына саяхатқа» № 2 ОМ оқушыларын шақырды. Іс-шара барысында оқушылар мереке тарихымен танысып, қызықты викториналарға қатысты. Музей қызметкерлері балаларға мектеп керек-жарақтарының: портфельдің, қаламның, өшіргіштің, сызғыштың, күнделіктің және т.б шығу тарихын айтып берді. Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар ежелгі замандағыдай қыш, балауыз тақтайшалар мен қайынның қабығына жазып көріп, өткенге көз жүгіртті.

Галерея изображений