2017 жылдың 3-шілдесінде музей қызметкерлері генерал Бәкіров атындағы лагерьде демалып жатқан Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне дәстүрлі «Шексіз музей» акциясын өткізді.
Сауықтандыру лагеріндегі балаларға өлкеміздің тарихы, мәдениеті және табиғаты туралы қызықты заттық және фотоқұжатты көрмелер ұсынылды. Тартымды экскурсиялар мен қолмен ұстауға болатын кейбір музей заттары балалардың тарихқа деген қызығушылығын арттырды.
Астана күні қарсаңында «Астана – ЭКСПО-2017» жылына арналған «Астана тарихы: өткені мен бүгіні» атты ауызша журнал жоғары топтың балаларына өткізілді. Осы сәтте кіші топтың балалары үшін де «Ермексаз конфетти» шеберлік сағаты өткізіліп, балалар ермексаздан панно және коктейльге арналған түтіктер жасады.
«Шексіз музей» акциясы танымдық-көңіл көтеретін іс-шара ретінде балалардың көңілінен шықты.