Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Есірткісіз өмір!» атты ақпараттық-насихат акциясы

27.06.2017
«Есірткісіз өмір!» атты ақпараттық-насихат акциясы

2017 жылы 27 маусымда музей қызметкерлері Қостанай облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығымен және Қостанай облысы ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасымен бірлесіп «Есірткісіз өмір!» атты ақпараттық-насихат акциясын өткізді.

Іс-шара Дүниежүзілік нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналымымен күрес күніне байланысты жастарға нашақорлықтың зиянын көрсету, олардың саламатты өмір салтын ұстауға қабілеттілігін арттыру, есірткіге қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыруға бағытталды.

Қостанай облысы ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының ерекше істер бойынша аға жедел уәкілі, полиция майоры Ерадилова Айгүл Қабденқызы шараға қатысушыларға Қостанай облысындағы есірткі саудасы жайлы, СӨС орталығының әдіскері Рәбиға Мәденқызы Наукенова нашақорлықтың өте қорқынышты кесел екендігін және қоғамға қауіп тудырып тұрған қасірет екендігін айтып өтті.