Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Танымал қазақстандық суретші Ерболат Төлепбайдың музейге келуі

13.06.2017
Танымал қазақстандық суретші Ерболат Төлепбайдың музейге келуі

1

2017 жылдың 12 маусымында Қостанай облысына Қазақстанның танымал кескіндемеші-суретшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей, Чехия, Қырғызстан Суретшілер Академиясының академигі Ерболат Төлепбай келді.

Әйгілі қонақ өңірге сапары барысындағы мәдени бағдарламасында картина галереясы мен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозиция залдарын аралады.

Экскурсия барысында Ерболат Төлепбайды музейдің қызметкерлері тарих жәдігерлері және өлке этнографиясы, Қостанай бейнелеу өнері шеберлері мен жас суретшілердің шығармашылығымен таныстырды.

Қазақстанның атақты суретшісі Ерболат Төлепбай музейдің тілек кітабына Қостанайдағы әріптестеріне шығармашылық табыс тілеп, жылы лебізін қалдырды.