27 маусым 2014 жылы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері С.С. Бәкіров атындағы демалыс лагерінде демалып жатқан Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін "Шексіз мұражай"атты акция өткізді.
Балалардың назарына «Қазақ халқының зергерлік әшекейлері», «Мәңгі жадымызда», «Тобыл жағалауындағы қала», «Бестамақ артефакттері», «Наурызым қорығы» атты мұражайдан тыс жылжымалы көрмелер ұсынылды. Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен мұражай қорының тұрмыстық заттарынан тұратын «Атамекен мирасы» атты көрмеден танысты.
Сонымен қатар балаларға мыны тақырыптар бойынша дәрістер оқылды: «Қазақ халқының зергерлік әшекейлері», «Қостанай облысының табиғаты».
Қостанай облысының тарихы жөнінде өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алып және біздің өлкеміздің өмірінен сыр шерітетін көптеген қызықты мәліметтер естіп, ой өрістерін ұлғайтты.